 |
Статистика |
 |
|
Онлайн всего: 2 Гостей: 2 Пользователей: 0 |
 |
|
Главная » 2015 » Сентябрь » 17 » «Криминалист» үйірмесі өз жұмысын бастап кетті
18:55 «Криминалист» үйірмесі өз жұмысын бастап кетті |
Жария құқық кафедрасында 2015-2016 оқу жылында құқықтану мамандығының белсенді студенттері тізімінен құрылған «Криминалист» үйірмесі өз жұмысын бастап кетті.
Аталған үйірме жетекшісі құқық қорғау органдарында қызмет атқарған тәжірибелі маман заң ғылымдарының кандидаты М.М.Рахимбеков.
Қыркүйек айындағы жұмысын нәтижелі бастаған үйірме мүшелері аудиториядағы теориялық білімін криминалистикалық полигонда баллистикалық зерттеу бойынша тәжірибелік маңызды сабақ етіп шыңдады.



Тәжірибелі мамандардың қатысумен өткен үйірме сабағы студенттердің криминалистика саласы бойынша қызығушылығын оятып олардың жұмыстарына белсенділігін арттырды.


Үйірме жұмысының жоспары бойынша алдағы айларда криминалистикалық зерттеудердің түрлі бағыттары бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу көзделген.
Үйірме жұмысының бір ерекшелігі биылғы оқу жылында топ мүшелері тізімі жаңадан іріктелген. Олар, практикалық сабақтардың ерекшеліктерін үйірме жұмысында қарастырып, өз қолдарымен жасап үйренуге машықтанады. |
|
Просмотров: 1179 |
Добавил: Toktar
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|
| | |