Суббота, 03.06.2023, 23:39
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 197
Жаңалықтар архивы
«  Июнь 2023  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 Бизнес және құқық факультеті

Факультеттің деканы: Сәден Тоқтасынұлы Жақыпбеков,
факультет деканы болып 2010 жылдың 5 қазанынан істейді, экономика ғылымдарының кандидаты, ғылыми-оқытушылық стажы-10 жыл, 3 ғылыми монография, 2 оқулық және 30 –дан аса мақалалардың авторы.




Деканның оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Бота Кыдырханқызы Амирова,
деканның орынбасары болып 2011 жыл қараша айының 1-ші жұлдызынан істейді, ғылыми-оқытушылық стажы – 5 жыл, халықаралық және республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциялар жинақтарында 14-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген.



Деканның ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Индира Ерболатқызы Қапарова, деканның
орынбасары болып 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап істейді, «құқықтану» және «қаржы» мамандықтары бойынша 2-і жоғарғы білім иесі, ғылыми-оқытушылық стажы – 7 жыл, халықаралық және республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциялар жинақтарында 17-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Факультеттің негізгі міндеттері мен функциялары:
1. Жалпы адами және ұлттық құндылықты, тәжірибелік және ғылыми жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасу мен дамуына бағытталған жоғарғы кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті жағдай жасау;
2. Кәсіптік білім беру проблемалары және факультет мамандықтарының бағыттары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеу-іздестіруді жүргізу және ұйымдастыру;
3. Жоғары санатты ғылыми-педагогикалық кадрлармен және жоғарғы білімнің нақты профильденген санатты мамандарымен мемлекет пен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру;
4. Факультеттегі оқу үрдісін, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын және ұйымдастыру;
5. Студенттің жеке білім алу треакториясын қалыптастыруда күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша мерзімдері мен мазмұны жөнінде әр түрлі білім беру бағдарламасын ұйымдастыру;
6. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жоспарлау және олар бойынша есеп беруді ұйымдастыру;
7. Факультет түлектерімен байланыс жасау, мекемеларде, кәсіпорындарда және колледж, лицейлерде, мектептерде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыру;
8. Факультеттің атқаратын функциялары бойынша құжаттар мен іс жүргізуді қамтамасыз ету.
Факультет 4 кафедраны біріктіреді:
1. жеке құқық кафедрасын;
2. жария құқық кафедрасын;
3. экономикалық пәндер кафедрасын;
4. жалпы білім беретін пәндер кафедрасын.
Аталған факультет 5 мамандық бойынша мамандар дайындайды:
- 5В030100– Заңгер;
- 5В050800– Есеп және аудит;
- 5В050900– Қаржы;
- 5В011500– Экономика және құқық негіздері;
- 5В011700– Қазақ тілі және әдебиеті.
«5В030100 – Құқықтану» мамандығын бітірген түлектерге «Құқықтану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны – құқық қорғау органдары; мемлекеттік билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары; мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банктер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар; білім беру ұйымдары және т.б. бола алады.
«5В050800- Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген түлектерге «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Кәсіби қызмет объектісі активтердің пайда болуының қайнар көзі және оның құрамында өзгерістер тудыратын кәсіпорын мүлігі, оның міндеттемесі, капиталы және шаруашылық операциялары, сонымен қатар, осы саланың ерекшелігін ескеретін экономиканың әр түрлі саласындағы ұйымдардың қызметі: мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), ғылыми зерттеу мекемелелері, құқықтық нысаны мен ұйымдастыру түріне тәуелсіз ұйымдар мен фирмалар бола алады.
«5В050900 – Қаржы» мамандығы бойынша бітірген түлектерге «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар болып табылады: ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жомпарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктер, министрліктер мен ведомстволар, банктер, сақтандыру, зейнетақы, ипотекалық және лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, экономикалық соттар, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі, сондай-ақ ғылыми – зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орнына дейінгі мекемелер (мектеп, гимназия, лицей, колледждер).
«5В011500 – Құқық және экономика негіздері» мамандығын бітірушілерге «Құқық және экономика негіздері бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Бітірушілердің кәсіби қызмет объектілері жалпы білім беру мектептері, орта кәсіптік оқу орындары, білім беру жүйесіндегі әкімшілік органдары, ғылыми зерттеу институттары, біліктілікті көтеру институттары, баспалар, кітапханалар, педагогикалық, экономикалық және заңи білім беру кабинеттері болып табылады.
Құқық және бизнес факультетінде 1754 студент білім алады.
Факультеттің профессорлық – оқытушылық құрамы 3 ғылым докторы, 5 профессор, 18 ғылым кандидаттары, 11 доцент және 21 аға оқытушыдан тұрады.
Факультеттің оқу-ғылыми әдебиетке бай өз кітапханасы, спорт залы және фельдшерлік пункті бар. Факультеттің «Алдар-көсе» атты КВН командасы бар.
Құқық және бизнес факультеті өз қызметін деканат пен факультет кеңесі арқылы атқарады. Факультеттің оқу процесін тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ететін әдістемелік бюросы бар.
2011 жылы факультеттің қатысуымен 2 конференция өтті: Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігі мен Ө.А.Жолдасбековтің 80 жылдығына арналған «Құқық қорғау заңдылықтарын модернизациялау және олардың іс жүзінде қолданылуы» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы және «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның жаңашылдық дамуына» тақырыбына студенттердің ғылыми - практикалық конференциясы. Конференция жұмысы бойынша тиісті жинақтар шығарылды.
2010-2011 оқу жылында факультет оқытушыларының күшімен 2 оқулық, 14 оқу-әдістемелік құрал, 1 электрондық оқу құралы шығарылды.


 
Информационный центр © 2023
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz