Ө.Ә. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясындағы Экономика және қаржы кафедрасы ең үздік жетекші кафедраның бірі болып табылады. Ол 1996 жылы Гуманитарлы-экономикалық кафедра болып құрылды. 2004 жылы Экономика және қаржы кафедрасы болып қайта құрылды. 2000 жылы ең алғаш дипломмен мамандар бітіріп шықты.

Жоғары оқу орындарының бірігуіне байланысты 2007 жылы Экономикалық техникалық факультетінің құрамына кірді, ол Гуманитарлы-экономикалық академияның базасы негізінде құрылған.
Кафедра құрылғаннан бастап 2000-ға жуық дипломдандырылған экономист-мамандар даярланды. Кафедра түлектері әрдайым сұранысқа ие және жұмыспен қамтылған. Бұған дәлел ретінде түлектер туралы ақпараттар электронды түрде кафедрада сақталған. Олар әрдайым толықтырылып, жаңартылып отырады.
Кафедрада әдістемелік топ жұмыс жасайды. Олар оқу үрдісіне керекті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етіп отырады.
Кафедрада практикалық сабақтар мен іскерлік ойындарды өткізуге арналған әдістемелік оқулықтар, монографиялар, дәріс конспектілері, оқулық және әдістемелік оқулықтар белсенді түрде басылып шығарылып отырады.

Кафедрада оқылатын пәндердің менеджмент, маркетинг, кәсіпорын экономикасы, дипломдық жұмыс тақырыптары, сонымен қатар компьютерлік іскерлік ойындар және оқыту бағдарламалары жаңадан әзірленіп отыратын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіліп отырады.
Кафедра оқытушылары әр түрлі дәрежедегі тәжірибелік конференцияларға қатысып, қорыта келе 28 ғылыми мақалалар басылып шықты.
Кафедраның барлық оқытушылары ЖБК және семинарларға қатысып біліктілігін көтеріп сертификаттар алды.
Кафедра оқытушылары мен студенттерге арналған экономикалық және кәсіби әдебиеттермен қамтылған кітапхана жұмыс істейді.
Кафедрада халықаралық стандарттарға сай дәрежеде сабақ өткізуге мүмкіндік беретін арнайы мамандандырылған қазіргі заман техникаларымен проекторлық аппаратуралар мен мультимедиялық комплекстерменжабдықталған аудиториялар бар.
|