Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
13.10.2016 жылы «Діни экстремизм мен терроризм туралы пайымдаулар және оның алдын алу жолдары» атты тақырыптағы студенттермен кездесу өтті.
Мақсаты:
Студенттердің діни құқық бұзушылығына негіз болатын мән-жайларды айқындап олармен күресу жолдарын анықтау
Міндеттері:
1. Діни ағымдар туралы көзқарастарына талдау жасау;
2.Студенттерді діни сауаттылыққа баулу;
3. Жастар арасындағы құқықтық нигилизмнің түбегейлі жойылуына құқықтық насихат жүргізу.
Қарастырылған сұрақтар: Жер шарының әртүрлі аймағындағы ислам дінін жамылып жиі көрініс беретін террорлық әрекеттер дағдыға айнала бастады.
Бұл террорлық әрекеттердің сыры неде? Жазықсыз жандарға қарсы адамдар неге өлім себеді? Олар неге қатыгездікке барады? Террорлық әрекет жасағандардың қылмыстық жауаптылығы жаңа қылмыстық кодексте қалай қалай белгіленген?
Қатысушы қонақтар:
1.Әубәкір Алмас- «Алматы облысының Дін істері Басқармасы» ММ Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы
2.Мустафина Тоганай Вагизовна- Л.В.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті философия факультеті оқытушысы
3. Карымсаков Канат Батанович- Алматы облыстық Прокуратурасының Прокуроры
Терроризмнің төркінін бұл күнде Шығыстан, мұсылман елдерінен іздеу кең өріс алып отыр. Оған шығыстық, діни сипат беріп, оны варварлық, орта ғасырлық құбылыс ретінде бағалау басымырақ күйде.Шын мәніне келгенде, терроризмді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстырудың ешбір негізі жоқ. Террорлық қимылдарға кез келген ұлттың, діннің өкілі бара алады.
Терроризмнің ұлттық сипаты жоқ, бұл қылмыспен кез келген ұлттың өкілі айналыса алады. Оған себеп, сылтау, қолайлы сәт керек, тиісті бопсалау, ынталандыру, иландыру, психологиялық амалдардың сүзгісінен өтулері керек.
Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма бес жыл уақыт өтті. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді.
Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.
«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа
апарып соқтырады» деп айтқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен кездесу қорытындысын ұйымдастырушы И.Е.Капарова аяқтады.


|