Тіркеу бөлімі (ТБ) (208 кабинет) – бұл білім алушылардың оқу жетістігінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын, олардың білімін бақылаудың барлық түрлері мен академиялық рейтингтері есебінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін бөлім.
Бөлімнің мақсаты мен міндеті:
- Білім алушылардың негізгі мақсатына жету жолында, оларға жан-жақты бағыт-бағдар беру. Таңдаған мамандығы бойынша жоғары сапалы білімімен, игерілуімен, дағдылануы және құзырымен бакалавр дәрежесін алуға ықпал ету;
- Оқудың жеке траекториясын қамтамасыз ету мақсатында, оқытушы мен пәндерді таңдау құқығын білім алушыларға ұсыну;
- Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылау.
Бөлім қызметкерлері:
Тіркеу бөлімінің бастығы – Рудзинскене Галина Николаевна
Білім алушылардың кез келген уақытта тіркеу бөлімнен сессия мерзімі мен өзінің үлгерімі жайында мәлімет алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, білім алушылар үлгерімі туралы мәліметті кафедралардан компьютерін іске қосып келесі логин арқылы алуына болады – «кафедра», паролі – «123», өзінің оқитын тобын, аты-жөнін тауып және көру үшін транскриптті ашады.
Оқу процесін ұйымдастырудың негізгі Ережесі кредиттік технология бойынша «Анықтамалық-жолсілтемесінде» көрсетілген.
Оқу жылы барысындағы оқыту мен бақылау шаралары, кәсіби практикалар мерзімдері академиялық күнтізбесінде мамандықтар бойынша көрсетілген.
|