Факультет деканы: Смағұлов Есенғали Жексенбайұлы
факультет деканы болып 2007 жылдан қызмет етеді, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми-оқытушылық өтілі - 32 жыл. 2 монография, 47 мақала, 14 оқу-әдістемелік құрал, 8 электронды оқулық авторы.
Деканның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары: Жұмаділова Анар Қалибайқызы 2011 жылдың 1- қыркүйегінен жұмыс жасайды. Оқытушылық қызмет өтілі - 10 жыл. Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарында 5 шақты мақалалары жарық көрген.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бүкейбаева Толқын Мұсаханқызы 2004 жылдың 1- қыркүйегінен жұмыс жасайды. Оқытушылық қызмет өтілі - 20 жыл. Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарында 10 шақты мақалалары жарық көрген.
Факультеттің негізгі мақсаты мен қызметі:
Экономика – техникалық факультетінің негізгі мақсаты - РМҚК қызметі Кәсіптік жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережесіне және Білім беру қызметін лицензиялау ережесіне сәйкес жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және сенімдерін ақтай алатын бакалаврларды даярлау бойынша білім беру қызметінің сапасын тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Факультет өз қызметінде:
• студенттердің өзекті академиялық қажеттіліктері мен нақты интеллектуалдық мүмкіншіліктерін есепке ала отыра, оларды белсенді танымдық іске тартуға;
• игерген білімдерін кәсіби қызметте қандай мақсаттарға және қалай қолдану керектігін айқын сезінулері, өз орындарын табулары және өздігінен дамулары үшін студенттерге бағдар беруге;
• студенттердің әлеуметтік-белсенді ұстанымдарының қалыптасуына, олардың рухани және табиғи әлеуеттерінің дамуына ықпал ететін оңтайлы тәрбиелік ортаны құруға;
• білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оны жүзеге асыру технологияларын үздіксіз жетілдіруге және мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін заманауи дидактикалық жүйелер мен ақпараттық технологияларды енгізуге;
• барлық санаттағы қызметкерлердің біліктіліктерін үздіксіз жетілдіруге және оларды интеллектуалдық-ақпараттық ресурстармен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге;
• факультеттің материалдық-техникалық қорын оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттіліктеріне сәйкес келтіру мақсатында жетілдіруге;
• білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ықтимал жұмыс берушілермен өзара әрекетті жандандыруға бағытталған.
Факультет 2 кафедраны біріктіреді:
1. Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасы;
2. Қаржы және экономика кафедрасы.
Факультет 4 мамандық бойынша мамандар дайындайды:
1. 5В070300 – Ақпараттық жүйелер
2. 5В050800 – Есеп және аудит
3. 5В050900 – Қаржы
4. 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық акдемиясының Экономика – техникалық факультетінде бакалаврларды дайындау 4 мамандық бойынша жүргізіледі. Факультетте 1494 студент білім алады.Факультеттің профессор - оқытушылық құрамы : 4 ғылым докторы, 4 рофессор, 21 ғылым кандидаттары, 11 доцент, 22 аға оқытушыдан тұрады. Барлық мамандықтардың бүкіл міндетті пәндері бойынша 2008 жылғы МЖМБС талаптарына сай, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген типтік бағдарламалары бар. Әр пән бойынша оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар, оқу-әдістемелік кешендер әзірленді. Студенттердің оқулары үшін әдістемелер, ПОӘК, оқу жұмыс бағдарламаларын дайындау сапасы білім беру ісінің стандарттарына сәйкес келеді.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау ҚР «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Оқу жұмысы және педагогикалық жүктеме. Негізгі ережелері» 5.03.015 МЖМБС негізінде және академияның профессор-оқытушылар құрамының оқу жұмысының көлемін анықтау үшін белгіленетін уақыт нормалары негізінде жүзеге асырылады. Факультеттің тәжірибелі оқытушылары студенттердің практикалық оқуларына тиімді әдістер мен түрлерді қолдану; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу; оқытудың интерактивті әдістерін қолдану және т. б. бойынша мастер-кластар өткізеді. Факультетте инновациялық оқыту технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Заманауи педагогикалық технологиялар мен білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жандандырудың интерактивті құралдарын зерделеп, оқу үдерісіне енгізеді. Бұл академия студенттерінің білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Факультетте инновациялық технологиялардың қолданылуымен жүйелі түрде конференциялар, дәрістер, семинар-тренингтер, ашық сабақтар өткізіледі. СӨЖ және ОСӨЖ ҚР БҒМ нормативтік құжаттары мен академияның ішкі құжаттары негізінде ұйымдастырылады. Білімді қорытынды бақылау курстық емтихандар тапсыру түрінде жүзеге асырылады. Студенттер пән бойынша емтиханға ағымдық және аралық бақылау нәтижесі 50 % жоғары болған жағдайда ғана жіберіледі. Студенттерге қорытынды бақылау (аралық аттестаттау) жүргізуді жалпы ұйымдастыру факультет деканы мен кафедра меңгерушісіне жүктеледі. Қорытынды бақылауды іс жүзінде өткізуді кафедра оқытушылары жүзеге асырады. Емтихан сессиясының барысын қадағалау декан мен оқу үрдісін әкімшілік басқару бөлімінің бастығына жүктеледі. Факультетте мемлекеттік біліктілік емтихандарын қабылдау, диплом жобалары мен жұмыстарын қорғау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен әзірленген және бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі. МАК төрағалары жетекші ғалымдар, өнеркәсіп орындарының жетекшілерін шақырады. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары оның ұйымдастырушылары, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен жұмыс істейтіндердің барлығы үшін бағдар болып есептеледі.
Академияда студенттердің өзін–өздері басқаруын іске асыру мақсатында студенттік кеңестер құрылды. Кураторлар кеңесі Кураторлық туралы ережеге сәйкес факультеттің студенттер тәрбиесі бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында, топ кураторларының әдістемелік жұмысын үйлестіреді. Оқу жылының басында факультеттің өткізілетін қоғамдық-мәдени шаралар мен жоспарларға сәйкес толық оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары жасалады. Студенттердің жеке тұлға ретіндегі өз қасиеттерін көрсетулеріне мүмкіндік берілген. Факультет базасында құрылған «Темірқазық» көңілді тапқырлар клубы, вокалдық, би, пікірсайыс клубы, қала, облыс, республика деңгейінде жұмыс істейді. Факультет студенттері республикалық және жергілікті жастар ұйымдарының ісіне: олимпиадалар, конкурстар, акциялар мен спорттық жарыстарға белсене қатысады. Студенттер жедел отрядтар жұмысына, студенттердің облыстық спартакиадасына, әр түрлі жеңіл атлеттік эстафеталарға, спорттың әр түрі бойынша жарыстарға, студенттердің ғылыми конференцияларына қатысады.
Факультет студенттерінің кәсіби тәжірибелері ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкес өткізіледі. Тәжірибе бағдарламалары мамандық бейінін есепке ала отыра әзірленіп, бекітілді.Факультеттің тәжірибе базалары мен студенттердің міндеттері айқындалған шарттар жасалды. Факультет студенттері оқу үдерісі кезінде кәсіби тәжірибенің әр түрінен: оқу, өндірістік тәжірибелерден өтеді.
Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз - оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы итерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық - педагогикалық технология. Қашықтықтан білім беру жүйесі - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдары қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім берудің негізгі мақсаты: қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып компьютерлік техника базасы арқылы жаңа білім беру технологиясын оқу үрдісіне енгізу болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі заман мамандарын жоғары сапалы мамандарды дайындау мен қайта даярлауды қамтамасыз ететін білім берудің негізгі мақсатын жүзеге асыру.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болып табылады:
∙ кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
∙ кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
∙ оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
∙ білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде , бір болашақ» атты ел халқына арналған биылғы жолдауының ерекше құнды мазмұны - Мәңгілік Ел идеясына басым мән берілуі. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы» деп айтқан болатын.
Осы бағытты іске асыру мақсатында Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы «ТЕМІРҚАЗЫҚ» экономика-техникалық факультетінде және Гуманитарлық - экономикалық колледжінде 2014 жылдың 22 сәуірінде «Ортақ мақсат , бір мүдде» тақырыбында«Ашық есік күні» мен «Наурыз» мерекесі өткізілді.

Мерекелік шараға Туркиядан келген «Орду» университетінің профессоры Мұстафа бей Хопач, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ректоры Д.СБайгунаков.,«Темірқазық» оқу орнының құрылтайшысы Ш.А.Наубетова, Талдықорған қаласы әкімшілігі, Ішкі саясат бөлімінің бас меңгерушісі Ә.Р.Рымтаев және Талдықорған қаласының мектеп оқушылары қатысты. Келген қала оқушыларын оқу орнымен таныстыру , болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру мақсатында «Менің оқу орным» атты дөңгелек үстел, «Мамандықтар жәрмеңкесі» жүргізіліп, соңынан «Қош келдің, Наурыз» атты концерттік бағдарлама , спорттық жарыстар және мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар, наурыз көже ұсынылды.
  
|