Ғылыми- білімділік экономикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 13 ақпан айында Академияда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлікті дамыту қоры « Даму» Ақ-ң Алматы облысы филиалының қызметкерлері студенттер мен магистранттарға арналған «Мемлекеттік қолдауға қалай ие болуға болады?» атты тақырыпқа семинар өткізілді.
«Мемлекеттік қолдауға қалай ие болуға болады?» семинары жастарға кәсіпкерлік идеяларын насихаттауды, кәсіпкерлік саласында заңнама мен реттеу шараларын түсіндіруді көздейді. Семинар бағдарламасы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020», «Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау», «Кәсіпкерлік құзіреттілікті арттыру» атты тақырыптарға нақты да түсінікті ақпараттар берілді.
Семинарды: Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» Ақ-ң Алматы облысы филиалының қызметкерлері:Нургазинов Ж., Тлеубаев М.М. өткізді.