ЕРЕЖЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА «АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР!» АТТЫ БАЙҚАУЫ
«АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР!» Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық және академиясының студенттері арасында өткізіледі. Бұл байқаудың мақсаты
- студенттердің бойына қазақ халқының ұлттық мәдениетін сіңіре отырып, ақыл ой-парасатын дамыту; - студенттерді ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауға, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу; - қыздарды инабаттылыққа, ибалылыққа, ақылы мен парасаты тал бойына жарасқан қазақ аруы болуға тәрбиелеу. - Мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Уақыты және өтетін орны 14 ақпан 2013 ж. сағ.15.00де Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының бас ғимаратындағы мәжіліс залда
Өткізу шарттары мен тәртібі - әрбір топтан міндетті түрде 1 адам қатысу керек; - ұлттық киімде болуы тиіс;
Байқау 4 турдан тұрады: І тур: «Мен қазақтың қызымын» - (таныстыру 2-3 минут)- ән, өлең түрінде; ІІ тур: «Асыл қазына» - (сұрақтар, ырым-тыйымдар, салт-дәстүрлерге байланысты); ІІІ тур: «Шебердің қолы алтын» (ою-өрнек ою сайысы); ІV тур: «Өнерлі өрге жүзер» (өнер байқау). Бағалануы 5 балдық жүйе
Байқау талаптары: 1. Өзін-өзі ұстауы; 2. Сөйлеу мәдениеті; 3. Жүріс-тұрысы; 4. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы; 5. Білім деңгейі Барлық сұрақтар бойынша 407 каб. Жауапты: Қажыбаева Д.Д. |