Суббота, 25.11.2017, 04:47
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Октябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2013 » Октябрь » 25 » Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты қалалық жастар арасындағы ғылыми жұмыстар (рефератар) байқауы өтті
15:50
Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты қалалық жастар арасындағы ғылыми жұмыстар (рефератар) байқауы өтті
   А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Бизнес және құқық факультеті, Жария құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне орай 2013 жылдың 25-ші қазанында сағат 13-00- де «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты қалалық жастар арасындағы ғылыми жұмыстар (рефератар) байқауы өтті. 

   Байқаудың мақсаты: Жастарға егеменді еліміздің тәуелсіздігін жете түсіндіру, еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын жоғары сапалы мамандар дайындауға бағытталған басымды жолдарды белгілеу болып табылды.
Байқау келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
   1 бағыт - Отандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері
   2 бағыт - Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуындағы жастардың құқықтық санасының орны мен рөлі
   Байқауға жоғарғы сынып оқушылары және колледждер мен ЖОО студенттері қатысуына болады деп арнайы бір ай бұрын ақпараттық хат жіберілген. Ақпараттық хатта қатысу тәртібі мен қойылатын талаптар және бағалау тәртіптері көрсетілген. 
   Қалалық жалпы орта мектептер бойынша №1,№18, №9 мектептер және Бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжі мен ЖМУ-ң студенттері қатысты. Конкурсқа жалпы саны 12 адам қатысты. 
   ЭжЖББ пәндер кафедрасының профессоры Г.С.Касымжанова мен Жария құқық кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м. К.Ж.Абдуалипова қазылар алқасының мүшесі болып табылды. Қазылар ғылыми жұмыстар келесі санаттар бойынша бағалады:
   1) Жұмыстың техникалық рәсімделуі;
   2) Тақырыптың ашылуы;
   3) Қолданылған деректердің жаңалығы;
   4) Қорытындысы (өзіндік көзқарастар мен ұсыныстардың болуы).

  Аталған талаптар бойынша ғылыми жұмыстар бағаланып 1,2,3 орын иеленгені үшін дипломдар және қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Нақталап атап өтсек:
   1 орын - № 9 Орта мектептің 10 сынып оқушысы «Отан ұлттың қара шаңырағы» атты тақырыппен Муратбаева Аяулым;
   2 орын - №1 Орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары «Асқақтатып ұлттың рух алауын, желбірей бер көк байрағым, жалауы» атты тақырыппен Рахманбекова Гульмира және Абдрахманова Гулім;
   3 орын - №18 орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы «Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуындағы жастардың құқықтық санасының орны мен рөлі» атты тақырыппен Набиев Темірлан.
Просмотров: 685 | Добавил: Toktar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz