Среда, 20.09.2017, 01:27
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2015 » Февраль » 16 » «Студенттер арасындағы экстремизм, терроризм мен радикализм туралы пайымдаулар және оның алдын алу жолдары»
09:32
«Студенттер арасындағы экстремизм, терроризм мен радикализм туралы пайымдаулар және оның алдын алу жолдары»

«Студенттер арасындағы экстремизм, терроризм мен радикализм туралы пайымдаулар және оның алдын алу жолдары» атты тақырыпта дін саласы мамандары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен 13.02.2015 жылы Академия бас ғимаратының үлкен дәріс залында кездесу өтті. Аталған шараға төменгі курс студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамдар қатысты.

Кездесу терроризммен күрес шараларындағы журналистік тергеу сюжеттерінен үзінді фильммен ашылды. Аталған шараны ұйымдастырып  жүргізуші Жария құқық кафедрасы аға оқытушысы Индира Капарова өз кіріспе сөзінде жер шарының әртүрлі аймағындағы ислам дінін жамылып жиі көрініс беретін террорлық әрекеттер дағдыға айнала бастағандығын, онымен күрес шарасын жоспарлап жүзеге асырудағы өзекті сұрақтарды атап өтті.

Кездесу ұйымдастырудың мақсаты:

- Діни ағымдар туралы көзқарастарына талдау жасау;

- Жастардың бойында демократиялық көзқарасты қалыптастыру;

- Жастарды саяси сауаттылыққа баулу;

- Жастардың құқық бұзушылығына негіз болатын мән-жайларды айқындап олармен күресу жолдарын анықтау болып табылды.

Кездесуге келген қонақтар:

1. Есмуратов Едил Мақсатұлы -Алм.обл. ІІД терроризм мен экстремизге қарсы күрес Басқармасы бөлім бастығы полиция подполковнигі;

2. Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы - Талдықорған өнірінің жастар ісі бойынша өкілі, орталық «Иман» мешітінің найып имамы;

3.Тимур Нүсіпханұлы Нүсіпхановтың - Алматы облысының Дін істері Басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дінтанушысы;

4. Құсаинов Мади Зейнелұлы - Алматы обл ІІД-ң аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты.

Сонымен қатар, Облыстық Жетысу телеарнасы мен «Огни Алатау» газетінің журналистері қатысты.

Жоғарыда аты аталған қонақтар жалпы терроризм, экстремизм, радикализм ұғымдарының түсінігін ашып, дін туралы дінді дұрыс түсіну туралы жалпы мағлұмат берді. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған террорлық әрекеттердің сыры неде? Жазықсыз жан­дарға қарсы адамдар неге өлім себеді? Олар неге қатыгездікке барады? Террорлық әрекет жасағандардың қылмыстық жауаптылығы жаңа қылмыстық кодексте қалай қалай белгіленген? - деген сұрақтарына мысалдармен өңдей отыра мазмұнды жауап берді.

Жүргізуші И.Е.Капарова:-  

«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа

апарып соқтырады» деп айтқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен кездесуді қорытындылап аяқтады.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.Лайым жақсы күндерде, бейбіт өмірде кездесейік ағайын!!!

Просмотров: 975 | Добавил: Toktar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz