Пятница, 15.12.2017, 13:31
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Январь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2012 » Январь » 27 » Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
12:52
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Академия ұжымының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауына пікір


Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халықына арнаған жолдауын зор ынтамен, ризашылық сезіммен тыңдадық. Жолдаудағы белгілеп берген міндеттер мен бағдарлама біздің ұжымға да зор жауапкершілік жүктеп, шығармашылық жасампаздыққа, жауапкершілікке, бірлікке үндеді.


Жолдауда төмендегідей міндеттер мен мүмкіншіліктер атап көрсетілген: 
- экономиканы дамыту және инновацияны енгізу;
- индустрияны дамыту;
- аграрлық секторды дамыту;
- кәсіпкерлікті дамыту;
- Қол жетімді баспана;
- халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
- Кіші және орта бизнесті жақсарту
- Қаржы жүйесін жетілдіру
- Құқықтық ортаны реформалау т.б.
Бұл жолдау біздің ұжымымызға зор жауапкершілік жүктеп отыр, себебі құқық және қаржы мамандарын даярлайтындықтан, жаңа талаптарға сәйкес білім берудің сапасын арттыруды негізгі басымдылықтың бірі ретінде қарамақпыз.
Жолдауда айтылған жоғары оқу орнындарын дүиежүзілік рейтингке сәйкестендіру, жаңа технологияларды енгізу, білім сапасын арттыру, орыс тіліне зиян келтірмей, қазақ тілін дамыту мәселесін шын жүректен құптап, қолдаймыз. Президенттің жолдауында халықтың денсаулығын жақсартуға, әлеуметтік жағдайын арттыруға үкіметке беріп отырған тапсырмасы көңілімізге қуаныш ұялатып, болашаққа деген сенімімзді арттырады.
Білім және ғылым саласында өзгерістер қабылдануы керектігі шешімін күтіп тұрған мәселе еді. Бұл жағы да жолдауда атап көрсетілді.
Н.Ә.Назарбаевтың әрбір қазақстандықтың жүрегін тітіркенткен төрт қағидасын біле отырып, жас ұрпақтың санасына сіңіреміз деп ойлаймыз. Атап айтсақ, 1) Қазақстанның тәуелсіздігін құрметтеу, 2) Мемлекетіміздің әр-бір азаматы біздің дамуымызға кедергі факторларды болдырмауы тиіс, 3) экономиканы дамыту, 4) Мемлекеттік тілді дамытуға атсалысу
Елбасымыздың осы жолдауын басшылыққа ала отырып, мемлекетіміздің дамуына, жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде бағдарламаны орындауға бар күш жігерімізді саламыз деп сенім білдіреміз.

Просмотров: 1235 | Добавил: gulzhan | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
Cool! That's a clveer way of looking at it!

Имя *:
Email *:
Код *:
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz