Суббота, 25.11.2017, 04:50
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 «ЖОО бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуда туындайтын мәселелер» атты дөңгелек үстел

«ЖОО бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуда туындайтын мәселелер» атты дөңгелек үстел хаттамасы

 

10.12.2014ж

Күн тәртібінде:

ЖОО бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуда туындайтын мәселелер

Қатысқандар:

1. Студенттер, кафедра оқытушылары

Шақырылған қонақтар:

  1. Онгарбаева А.Ш. – Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары.
  2. Буторина Л.Ю.- Алматы облысының кәсіпкерлер паалатасының әлеуметтік әріптестік және адами капиталды дамыту бөлімінің 1-ші категориядағы экперты.
  3. Ким Э.В. - Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің маманы.
  4. Аубакиров О.Е. – «ВТБ банк» АҚ ТФ бөлшек бизнес бөлімінің маманы.
  5. Бесимова Л.С.- «БанкЦентКредит» ТФ АҚ директорының орынбасары

Алғашқы сөзді академияның ректоры т.ғ.д. Д.С. Байгунаков алды. Өз сөзінде: Құрметті қонақтар, студенттер бүгінгі біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі студенттердің жұмыспен қамтылуы болып тур. Бүгін түлектерің 20-30 пайызы ғана жұмыспен қамтылады. Президенттің соңғы жолдауында қоғамды жалпыға ортақ мәселелер көтерілген. Әсіресе біліктілікке, жұмыспен қамтылуға байланысты. Жұмыс берушілердің бітіруші түлектерге қоятын талаптарын қарастыру мақсатында бүгін осындай үлкен шара өткізіп отырмыз. Сіздер қазіргі түлектерге қоятын талаптарыңызды айта отырсаңыздар.

Ким Э.В. өз сөзінде қазіргі жастарға, бітіруші түлектерге қоятын талаптарының өте жоғары екенін айта келіп, жастар жұмыспен қамтылу бәсекелестігінің өте жоғары, соған байланысты бітіруші түлектерді  білікті және білімді маман ретінде көрісі келетінін айтты. Қазір мамандар өте көп болғанымен, өз мамандығын жетік білетін маман өте аз. Біз түлектерге барлығын толық көлемде үйрете алмаймыз. Сондықтанда жастардың көп ізденіп, жақсы маман болып қалыптасуы үшін өзімен жұмыс істеу керек. Ниет білдіруші адамаға біз әрдайым ризамыз, көмегімізді аямаймыз.

Келесі сөзді кафедраның аға оқытушысы А.Д. Қорабаева алды: Қазір нарықтық заман. Студент мамандық таңдар алдында оның болашағына сұраныс бар ма жоқ па? Осыны ойлауы тиіс. Жұмыс берушілер қазіргі жастарға қандай талаптар  қоясыздар?

Осы сұраққа Алматы облысының кәсіпкерлер паалатасының әлеуметтік әріптестік және адами капиталды дамыту бөлімінің 1-ші категориядағы экперты  Буторина Л.Ю. жауап берді: Біздің мекемеде жұмысқа орналасу конкурс негізінде жүргізіледі. Барлық  үміткерлерге қойылатын талаптар  ортақ. Практика өтіп жүрген студент істеп жүрген жұмысына көп назар бөлуі тиіс. Конкурсқа жеткен кезде студенттер өз білімдерін көрсете алмайды. Түлектер үнемі ізденіп, оқып, заңдарды білуі өте маңызды.

Келесі сөзді «БанкЦентКредит» ТФ АҚ директорының орынбасары  Бесимова Л.С. алды: Біздің банк сіздердің академиямен тығыз жұмыс атқаруда. Сіздермен студенттерді практикаға алу туралы келісім шарт жасадық. Жылсайын бірнеше студенттер практикадан өтіп, білімі және біліктілігі жағынан өзін  көрсете білген студентті жұмысқа аламыз.  Сіздердің студенттеріңіз біздің банктің әр бөлімдерінде жұмыс жасап жүр.

Келесі сөзді  «ВТБ банк» АҚ  бөлшек бизнес бөлімінің маманы Аубакиров О.Е. алды: Сіздермен біздің де банк келісім шарт жасаған. Жылсайын сіздердің күндізгі бөлім студенттері өндірістік практикаларын бізде өтеді. Көп студенттерге көңіліміз толмайды. Студенттер практикаға жауапкершіліксіз қарайды. Студенттер академия қабырғасынан алған білімдерімен шектеліп қана қоймай  үнемі ізденісте болу керек. Дегенменде арасында өзінің қызығушылығын көрсететін студенттерде бар. Жылсайын сіздердің бір екі  студент бізге жұмысқа орналасады.

Келесі сөзді Онгарбаева А.Ш. – Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының  директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары алды: біздің мекемеде жасчтар практикасы бойынша жас мамандарды, түлектерді жұмыспен қамту жұмысы жүргізілуде.   Жылына екі мәрте мамандар мен түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады. Бұл шараның мақсаты- жас мамандардың, түлектердің жұмыс берушілермен тығыз байланысын орнату. Басқа мамандықты меңгеру даярлығы үш айда бір өтіп тұрады. Бұған мемлекеттен 1200 теңге көлемінде стипендия бөлініп отырады.

3 курс студенті Тлеулесованың Айгерімнің сұрағы- сіздердің банкте бейімделу апталығы қаншаға созылады? Бұл сұраққа Бесимова Л.С. – бізде бейімделу апталық бағдарламасы алты айда өтеді. Осы айларды біз жас маманды, түлектерді оқытыпдайындаймыз, соңында сұрақ-жауап, тест аламыз. Жас маманның ұжымға үйреніп, жұмысты алып кете алғанын қараймыз. Әрине өзін білікті маман ретінде көрсете білген жастарды жұмысқа қабылдаймыз. Бізде жас маманға қойылатын талаптар өте жоғары. 

Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz