Среда, 20.09.2017, 01:35
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 Жария құқық кафедрасының күндері

ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ

Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Бизнес және құқық факультеті, Жария құқық кафедрасының ұйымдастырумен желтоқсан айының 3 мен 5 күндері аралығында жыл сайынғы жоспар бойынша «Жария құқық кафедрасының күндері» өтті.

Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын түрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе студенттерді жеке тұлға деп танып, жан-жақты қалыптастыру болып табылады.

Жоғарғы білім беру саласы және кәсіби мамандар дайындау Қазақстан Республикасының саясатының басым бағыттарының бірі. Өз кезегінде ұлттық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланбай дамымайды. Сондықтан да академия соның ішінде факультет деңгейінде бұл мәселенің шет қалмай әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында бірнеше қоғамдық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

1- КҮН

3 желтоқсан Ішкі істер органдары мен прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары жүйесін жетілдіру және прокуратурамен өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар:

  • Лепсібаев Талап Қанатқанович - Талдықорған қалалық прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі;
  • Шайгалиева Ляззат Амангельдиевна - Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры;
  • Нургалиев Самет Нургалиевич Талдықорған қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;
  • Асылбеков Ескендир Акболатович - Көксу ауданының ІІБ бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі;
  • Адамов Ерлан Мухаметжанович - Алматы облысының прокуратурасы-ның басқарма прокуроры, бірінші сыныпты заңгер;
  • Карибаев Данияр Олегович  - Алматы облысының прокуратурасының басқарма прокуроры, бірінші сыныпты заңгер.

Қонақтарға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, заңнамалардың жетілдіруіндегі, құқық қорғау органдары қызметіндегі практикалық өзекті сұрақтар талқыланылды.

2-КҮН

4 желтоқсан, жастарды нашақорлық пен ЖҚТБ дерттерінен қорғау және оның алдын-алу мақсатында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!, ЖҚТБ-ғасыр дерті!» атты тақырыптағы ЖҚТБ орталығы мен Наркологиялық диспансер орталықтарының мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуде студенттерге жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар түрлері және одан сақтану жолдары бойынша мәлімет берілді. Нашақорлықтан, уытқұмарлықтан аулақ болу, ішімдік пен темекі шегуден бас тарту үгіттелді. Салауатты өмір салты бойынша күнделікті қалыптастыру дағдылары да атап өтілді.

Кездесуге келген қонақтар:

  • Черненко Татьяна Ивановна - Талдықорған қалалық ГКП на ПХВ облыстық наркологиялық диспансерінің, жасөспірімдер фельдшері;
  • Азанбекова Алия Адильхановна – Талдықорған қаласының «Ценспид»АҚ, эпидемиолог-врачі;
  • Нурдаулетов Болат Кыдыркожанович – Талдықорған қалалық ГКП на ПХВ облыстық наркологиялық диспансерінің, нарколог-врачі;

Саукенова Асель Кенжетайевна – Талдықорған қаласының, облыстық жасөспірімдердің алдын-алу  жөініндегі наркологиялық диспансерінің маманы

  • Академиясы медбикесі Тулегенова Жамиля Жақсыбайқызы.

Кездесу басында студенттердің арнайы өңдеген «Методонға тәуелділік (Нашақорлықтың интервенциясы)» атты арнайы видео-ролигі көрсетілді.

3-КҮН

5 желтоқсан, Әдістемелік семинар кафедраның құрметті оқытушысының бірі з.ғ.к., профессор Р.Ж.Таужанованың «Семинар сабағын жүргізудің инновациялық әдістері» атты әдістемелік семинары өтті. Аталған семинар академиядағы жас оқытушыларға әдістемелік көмек ретіндегі үйретушілік бағытта өтті. Семинардың басты мақсаты- инновациялық әдістердің теориялық және практикалық проблемаларын тереңірек зерделеу болып табылды.

Семинарға жас оқытушылармен бірге  Академияның Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі және Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорлары қатысып семнардан алған әсерлерімен бөлісті.

Әдістемелік семинарда топтарға бөлу арқылы оқытудың инновациялық әдістері қолданылып оқытушылық шеберлік көрсетілді.

5 желтоқсан 2014 жылы Акафедмияның бас ғимаратында «Жастар арасындағы құқықтық нигилизмді жоюдың негізгі бағыты - білім» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

- Жасөспірімдердің заңды құрметтеу жауапкершілігін арттырудағы өзекті сұрақтарды талқылау;

-  Білімді жастар арасындағы өзара әрекеттесуді бағыттаудың негізгі құралы ретінде дәріптеу;

- Жастардың бойында демократиялық көзқарасты қалыптастыру;

- Жастардың құқық бұзушылығына негіз болатын мән-жайларды айқындап олармен күресу жолдарын анықтау болды.

Дөңгелек үстелде №14 мектеп-лицейі  оқушысы Болатова Айдананың, академияның 1 курс студенті Зайтбеков Димаштың, 3 курс студенттері Шоколов Максим мен Жақия Айдананың баяндамалыры тыңдалып, артынша қонақтар мен студенттер құқықтық нигилизмнің пайда болу себептері мен оның алдын алудағы проблемаларды талқылады.

Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады.Жастар тәрбиесімен жұмысты жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының жыл сайынғы жолдауында ерекше аталып өтіледі.

Дөңгелек үстел қонақтары:

Жастар орталығы директоры - Нурмухамбетов Айдын Нурмухамбетович,

Бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Кажыбаева Дарын Дауреновна,

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының культурологы - Тойболдин Данияр Қуанышұлы,

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының Этносаралық қатанастар саласын мониторингілеу және талдау бөлімі меңгерушісі - Досмурзанов Серік Қыдырмаұлы,

Дін істері Департаменті теолог-маманы- Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы,

«Білім шапағаты» қоғамдық-педагогикалық газеті тілшісі Нұрсұлтанова Іңкәр Ерболқызы,

Облыстық Ардагерлер Кеңесі мүшесі, Қонаевтанушы -  Есдаулетова Хания Есдаулетовна,

Қалалық Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы - Тайжанова Макпал Нұрлыбекқызы және Бизнес және құқық факультетә профессорлық-оқытушылық құрамдары, аталған факультет студенттері мен колледж студенттері қатысты.

Аталған дөңгелек үстел модераторы аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Индира Капарова өз сөзінде «Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады.Жастар тәрбиесімен жұмысты жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының жыл сайынғы жолдауында ерекше назармен аталатындығын» атап өтті.

Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz