Суббота, 25.11.2017, 04:46
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына Бизнес және ЖББ пәндер кафедрасының профессоры э.ғ.к. Т.Қ. Құдайбергеновтың пікірі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 31 қаңтар 2017 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын бұған дейін қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы немес «100 нақты қадам» Ұлттық жоспар сынды стратегиялық маңызды құжаттардың заңды жалғасы бар деуге болады. Сондықтан да Қазақстанның жаңғыртудың жаңа кезеңіне көшуі– Жолдаудың негізгі мақсаты болып отыр. Жолдауда Елбасы бес негізгі басымдықтарды айқындады. Олар – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылды, бизнс-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және институттық өзгерістер, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Жаңғыртудың үшінші кезеңі аяасында көлік-логистика саласын, магроөнеркәсіп кешенін дамыту мен бизнесті жүргізудің шарттарын жақсарту арқылы экономиканң бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Қазірдің өзінде көлік инфрақұрылымын жаңарту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге жүзеге асырылуда. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол салынады және жөнделеді. Сонымен бірге, ірі кәсіпорындарды белсенді түрде жекешелендіру арқылы мемлекеттің экономикаға араласуын, басқарудын төмендету және жекеменшік шағын және орта бизнес секторы реөлінің өсу үдерістері жалғасатын болады. Қазіргі білім берудің басты түйіткілді мәселесі ретінде қала мен ауыл мектебі арасындағы білім сапасының алшақтығы ерекше айтылды. Сондықтан ұлттық адами капитал – тек білім беру ғана емес, әр адамының тұлға және маман ретінде қалыптасып, жетілуіне қатысы бар жоғарғы оқу орындарының тиімді жұмыстарынан құралатын нәтижеге қол жеткізу керек. Ақпараттық технологияларды дамыту – алғаш рет жеке сала емес, жалпы экономикалық дамудың, елдік ілгрілеудің маңызды құрамдас бөлігі және алғышарты деңгейіне көтерілді. Жалпы, көпшілітің технологиялық сауатын арттыру, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейту, электронды білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін дамыту міндеттері қойылды. Осындай жұмыстар атқарылса, бұлда елдің дамуына, ұлттық экономикаға септігі мол бастама болады сөзсіз. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 31 қаңтар 2017 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына Жария құқық кафедрасының доценті И.Е.Капарованың пікірі Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауы биылғы 2017 жылы да нақты мақсаттарды айқындаудан тұрды. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған 31.01.2017 жылдағы мемлекет басшысының жолдауы жолдауында денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі және қауіпсіздікті қамтамсыз ету, ұлт пен ұрпақ тәрбиесі жан-жақты зерттеулер жүргізу арқылы жоспарлау негізінде нақты іс-шаралармен жүзеге асуы керектігі нақты атап өтілді. Тәуелсіз Қазақстан өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Қазіргі таңда бүкіл әлем қазақстан Республикасын танып және мойындап отыр. Біздің мемлекет пен елбасына сенім білдіргендігі сол 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылда Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтпек. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп абыроймен командалық жарыста 2-ші орынды иелендік. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және елбасының салиқалы саясатының дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан әрқашан мемлекет ретіндегі нақты қадамдарын қарыштап басып келеді. Стратегиялық жоспарлау арқылы жетістіктерге қол жеткізудеміз. Елбасы әлемде кезекті, төртінші өнеркәсіптік революция басталғандығын және осы орайда елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін атап өтті. Жодаудағы үшінші жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Үшінші жаңғыру бес негізгі басымдықпен көрініс таппақ. Атап айтқанда, бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар. Сонеымен қатар, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор екендігін де елбасы атап өтті. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мемлекетіміздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болатынғын да елбасы алдыға тартты. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге берілу мәселесін тап өтті. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Бұл басымдық білім беру жүйесінде көрініс таппақ. Төртінші басымдықтағы міндет- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Осы орайда, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі- үш тілді білім беру нақты жоспарлау арқылы жүзеге асуы және үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу бойынша Үкіметке ұсыныстар әзірлеу тапсырмасы берілді. Елбасы қазақ тілінің басымдығы әрқашанда сақталатынды және әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіндігін нық атады. Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Үкімет үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізу әлі жетілдіріледі және жалғасын табады. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ел басы кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керектігін және қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керектігін айқындады. Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекет. Басты күшіміз – бірлігіміз бен елбасының салихалы саясатының арқасында әлі талай биік белестерді бағындырамыз!
Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz