Среда, 28.06.2017, 01:38
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 155
Жаңалықтар архивы
«  Июнь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 Об обучение в академии

Мамандықты және білім алатын ЖОО таңдау – өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі. Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы сіздерге өз есігін ашып, мамандықтардың және даярлық бағыттарының кең спектрін ұсынады. Біз сіздерге бакалаврларға, магистрлерге арналған оқу бағдарламаларын ұсынамыз. Қазіргі уақыт маманды даярлау сапасына жоғары талаптар қояды. Осыны мойындап, біз білім беру жүйесін жаңарту жолымен жүріп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанда да, шетелде де басқа ЖОО-мен, өнеркәсіптік және ғылыми ұйымдармен көп жақты байланыстарды белсенді дамытамыз. Академия Чехия, Польша, Малайзия, Қытай, Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық бойынша шарттарға отырған. 

Академиялық ұтқырлық (мобильділік) негізінде академия студенттері Қазақстан Республикасы ұлттық университеттерінде (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, т.б.) сонымен қатар шет елдердің оқу орындарында да білім алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Академияда шет тілін үйренудің тиімділігін арттыру үшін TELL ME MОRE (AURALOG S.A., Франция компаниясының шет тілін қашықтықтан үйрену саласы бойынша әлемдік жетекші тұлғаларымен өңделген көмекші мультимедиялық құралдары) электронды порталымен ынтымақтастық шарты жасалған. TELL ME MОRE V10 CAMPUS  лицензиясы студенттерге 7 шет тілін (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, дат, қытай) үйренуге еркін мүмкіндік береді.

2013 жылы академия ИСО 9001:2008 халықаралық сапа стандарты  талаптарына сай екендігін дәлелдеді.

Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы төмендегі мамандықтар бойынша дайындық жүргізуде:

БАКАЛАВРИАТ

5В030100 – ҚҰҚЫҚТАНУ

5В050900- ҚАРЖЫ

5В050800-ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ

5В070300 –АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

5В051000 – МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ

 

МАГИСТРАТУРА

6М030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ

6М050900 - ҚАРЖЫ

Академияда мамандарды дайындауға барлық мүмкіндіктер жасалған. Криминалистикалық зертхана, сот отырысы залы, лингафондық кабинеттер, мамандандырылған аудиториялар білімгерлерге кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Аудиториялардың басым бөлігі ғаламтор жүйесіне шығатын компьютерлермен және интербелсенді тақталармен қамтамасыз етілген. 

Академия кітапханасы қажетті барлық оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, студенттерге Web of  Knowledge (Thomson Reuters) платформасында орналастырылған халықаралық ғылыми электрондық баспалар мен Республикалық электронды кітапхана және Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдар базасын қамтамасыз ететін «Параграф» ақпарттық жүйесін емін-еркін қолдануға мүмкіндік бар.

 

 

Академияда алуан түрлі шәкіртақылар бар:

 

  1. Ө.А.Жолдасбеков атындағы шәкіртақы;
  2. Қадырғали Би Қосымұлы Жалаири қорының шәкіртақысы;
  3. Алматы облысы бойынша Д.А.Қонаев атындағы қорының шәкіртақысы;
  4. Кафедралардың атаулы шәкіртақысы (10 дана);
  5. Қамқоршылар Кеңесі мен демеушілердің атаулы шәкіртақысы (4 дана).

Оқыту мемлекеттік гранттар және шарттық негізде жүзеге асырылады.

Жыл сайын облыс әкімінің гранттары бөлінеді.

Әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

Академияны тәмамдаған соң мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

 

Мекен-жайымыз:

 Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі  77

            ( 24-47-44, 24-51-51

Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz