Среда, 18.10.2017, 21:53
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 Әлеуметтік ізгілік пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: Омаров Балташ Байғожанұлы
кафедра меңгерушісі ретінде 5 жыл қызмет атқарып келеді, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылыми-педагогикалық стажы 9 жыл,
70-тен аса ғылыми еңбектердің авторы.
Кафедрада 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кадрлерді дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Кафедра 2005 жылы құрылды. Осы аз уақыт аралығында кафедрада 200 астам жоғары біліктілікті мамандар дайындалып, бітірді. Қазіргі кезде кафедрада бітірген мамандар өндірістерде, білім саласында, басқару және медицина сынды ақпараттық жүйелер енгізілген, оларды қолданатын көптеген салаларда өз біліктіліктерін көрсетіп жүр.
Қазіргі кезде кәсіби тұрғыда дайындалған ІТ (information technology) мамандары жоғары сұранысқа ие. Көптеген ақпарларға сүйенсек, ІТ мамандығы әлем бойынша алдыңғы ондықтың ішінде көрінеді, сонымен қатар, бұл мамандыққа деген қызығушылық пен сұраныс күннен-күнге өсуде.
Осының негізінде кафедраның негізгі міндеті жоғары дәрежелі, заман талабына, мемлекеттік жалпы білім берудегі стандарттарына сай мамандарды дайындау болып табылады.
Қазіргі таңда «Ақпараттық жүйелер» мамандығы өзіне айтарлықай салалы білім, сапалы ғылыми бағыт алған: ақпараттық жүйелердің теориясы мен жүйесі, ақпаратты қорғау мен ақпараттық қауіпсіздік, сонымен қатар, интернет технологиялары.
Студенттер компьютерлік технологиялар шеңберінде терең теориялық біліммен қатар:
- ІТ – бағдарламалау;
- WEB-бағдарламалау;
- ақпаратты сақтау, қорғау, сұрыптау;
- ақпараттық жүйелердегі техникалық қамсыздандыруды да меңгереді.
Осылар үшін студенттерге заманауи, жоғары деңгейдегі, жоғары жылдамдықтағы компьютерлік техникалыр мен технологиялардың шексіз мүмкіндіктері, сонымен қатар, жаңа бағдарламамен мультимедиялық және виртуалды лабораториялар, облыстағы жетекші мекемелермен келісімшарт жасасып іс-тәжірибе өтуі үшін жағдай жасалған.
Біздің студенттер келесідей мүмкіндіктерге ие:
- тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды жеке компьютерде орындау;
- ең жаңа заманауи оқулықтар мен оқу құралдарын, электронды кітапхананы пайдалану мүмкіндігі. Компьютерлік техниканың дамуындағы индустрияда интернеттің әлемдік мүмкіндігін қолдану;
- кафедраның жоғары мамандандырылған мамандарымен бірге ғылыми, қолданбалы жұмыстарына қатысуы;
Кафедраның барлық аудиториялық сабақтарын, өдік жұмыстарын жоғарғы кәсіби деңгейде иннавациялық, интерактивтік мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқытатын, профессорлік, оқытушылық құрамы 1 ғылым докторы, 1 Ph докторы 11 ғылым кандидаттары, 12 а ға оқытушы және 4 оқытушыны құрайды.
Кафедра оқытушылары өз білімдерін жетілдіре отырып, өтілетін республикалық және аймақтық, халықаралық конференцияларға және семинарларға қатысып, біліктілікті жоғарылатуда елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында арнайы курстарға қатысады.
Кафедрадағы пәндерді қажетті ақпараттық және әдістемелік құралдар мен қамсыздандыру мақсатында, кафедра оқытушыларымен 74 оқу-әдістемелік кешен, 3 электронды оқулық, 14 оқу-әдістемелік құрал дайындалды.


Қазіргі кезде кафедра - академиядағы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар арқылы, білім алушы мен оқытушының арасындағы байланысты жеңілдетіп отырған, қашықтан оқыту үрдісіне белсене ат салысып, өздерінің оң өзгерістерін енгізуде. Оқыту үрдісі модулдік бағдарлама негізде құрылымданды, сонымен қатар, бұл оқу жүйесі, білімді сапалы, қолайлы, жинақы, құрылымды түрде бере отырып, мемлекеттік стандарттарға сай қалыптастыруда.

Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz