Среда, 28.06.2017, 01:46
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 155
Жаңалықтар архивы
«  Июнь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 Жария құқық кафедрасы

 

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к.,Дархамбаев Р.Р.

Дархамбаев Равиль Рахимович 2008 жылдан қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасының меңгерушісі және «Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі)», «Қылмыстық іс жүргізу құқық»,  пәндері бойынша сабақ жүргізеді.
1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп 1987 жылы бітіріп «заңгер» мамандығына ие болды.
1982 -1984 жылдары аралығында  Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеді. 
1987 жылдан 1993 жылға дейін ҚР ІІМ органдарында тергеуші, аға тергеуші және аса маңызды істер бойынша тергеуші болып қызмет жасаған.
1993-2008 жылдар аралығында ҚР Прокуратурасы саласында тергеуші, аға тергеуші, обылыс прокуратурасының басқарма прокуроры, Алакөл, Көксу және Ескелді аудандары прокурорының орынбасары, сондай-ақ Қапал және Тарбағатай аудандарының прокуроры қызметтерінде жұмыс атқарды.
2009 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап 2010 жылы заң ғылымының кандидаты атағына ие болды

Профессорлық – оқытушылық құрам


Кафедрада ғылыми-педагогикалық тәжірибесі мен еңбек ету уақыты мол және үнемі өзіндік ізденіс жұмыстарымен шұғылданатын жас оқытушылар сабақ береді. Профессорлық – оқытушылық құрам ғылыми атақ диссертациясын қорғау мен студенттердің ғылыми ізденіс жұмысына жетекшілік ету бағытында творчествалық және интеллетуалдық қызу жұмыс жүргізуді өз міндетіне алған.

 

Утибаев Гарифулла Курмангожаевич  з.ғ.д., профессор

Өмірәлі Айгүл Өмірәліқызы  з.ғ.к., доцент

Таужанова Роза Жакыпаевна  з.ғ.к.,  акад.профессор

Заң ғылымдарының кандидаты, Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының профессоры .
1974-1979 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі.
1979-1980 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік музейінде заңгер көмекшісі болып қызмет атқарады.
1980 жылы Талдықорған қаласының заң техникумында жұмысқа орналасқан.
1980-1993 жылдары ол техникумдағы оқытушылық қызметпен қатар Кәсіподақ Комитетінің төрайымы, Пәндік Циклдық Комиссиясының төраймы, Мемлекеттік емтихан аттестациялау комиссиясының мүшесі сынды бірқатар лауазымдарды, қоғамдық жұмыстарды алып жүрді.
1993-2000 жылдар аралығында директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2000 жылы Талдықорған қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы университетінің филиалының аға оқытушысы.
2007 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасының профессоры.
 

Рахимбеков Медет Мыктыбекович з.ғ.к.

Рахимбеков Медет Мыктыбекович 2007 жылдан қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасында «Прокурорлық қадағалау»,  «Құқық қорғау»,  пәндері бойынша оқытушылық қызметін атқаруда. 1994-1998 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Заң факультетінің түлегі.1999 -2005 жылдары аралығында Талдықорған қаласының Заң коледжінде қызмет атқарды. 2005 жылы Алматы облысы Ақсу ауданың прокурордың көмекшілік қызметімен 2006 жылы лейтенант атағына ие болды. Заң ғылымдарының кандидаты, академиялық доцент.

Дархамбаева Айнура Даулетбековна з.ғ.к.

Дархамбаева Айнура Даулетбековна 2010 жылдан қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасында  «Мемлекет және құқық теориясы », «Конституциялық құқық»  пәндері бойынша сабақ жүргізеді. 1999 -2000 Алматы қаласы Д.А. Қонаев университетінде ректор көмекшісі, 2000-2002 Д.А. Қонаев атындағы коледжінің директор оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары. 2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап заң ғылымының кандидаты атағына ие болды. Академиялық профессор.
 

Алехин Василий Петрович

Алехин Василий Петрович 1999 жылдан қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасында «Криминалистика»,  «Криминологию», «Сот экспертологиясы» пәндері бойынша сабақ жүргізетін аға оқытушы қызметін атқаруда.
1972 жылы  Талдықорған қаласының Ішкі істер департаментінің, қылмыстарды іздеу бөлімінің тергеушісі.
1974-1979 жылдары Волгоград қаласының жоғарғы милиция мектебінің криминалистика факультетінің түлегі және  кримининалистикалық экспертиза жасауға 5 рұқсат қағазына ие болды.
1979 жылы Талдықорған қаласының УВД ЭКГ эксперт-криминалисті.
1992 жылы Талдықорған қаласының экспертно-криминалистикалық әскери күзеттерінің орынбасары
1998 жылы Қонаев атындағы институтының оқытушысы.
 

Капарова Индира Ерболатқызы з.ғ.м.

Капарова Индира Ерболатқызы 2004 жылдан қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасында «Құқық қорғау органдары», «Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)», «Адвокатура» пәндері бойынша сабақ жүргізетін  оқытушы қызметін атқаруда.
Екі жоғарғы білім иесі. 2014 жылы магистрлік диссертациясын Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясы қабырғасында сәтті қорғады. Әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің Біліктілікті арттыру Институтында Қылмыстық құқықтық мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының беделді ғалымы з.ғ.д., профессор А.Н.Ағыбаевтың  және з.ғ.д., профессор Сәкен Өзбекұлының жетекшілігімен  тәлімдемеден өткен. 2007 жылы Татарстан Республикасы астанасы Қазан қаласындағы Қазан Мемлекеттік Университетінде, 2014 жылы ҚХР Урумчи қаласындағы Синьзянь Университетінде тағылымдамадан өткен. 2010-2011 жылдары Бизнес және құқық факультеті деканының ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Жария құқық кафедрасының әдістемелік тобы жұмысын үйлестіруші.
Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында 20-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Ғылыми жетекшілік етуімен студенттері халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болған.
Заң ғылымдарының магистрі, академиялық доцент
 

Көкешбаева Мөлдір Рахатовна з.ғ.м.

 
2008-2012 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының құқықтану мамандығынының түлегі.
2013-2014 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының  құқық магистрі.
 

Тулеуова Айнура Жаксылыковна з.ғ.м.

 
2008-2011 жылдары Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ “құқықтану” мамандығынының түлегі.
2013 жыл атлған оқу орнының мамандық бойынша магистратурасын тәмамдады. Жария құқық кафедрасыда 2015-2016 оқу жылынан еңбек өтілін бастады. Кафедра бойынша “Административное право” пәнінен сабақ жүргізеді. Кафедрада оқытушылар мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын үйлестіруші жас маман.
 

Шергалиев Мухтар Сыдықбекұлы

Шергалиев Мухтар Сыдықбекұлы 2006 жылдан қазіргі кезге дейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының (бұрынғы академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт) Жария құқық кафедрасының  «Криминалистика», Қылмыстық атқару құқығы пәндері бойынша сабақ жүргізеді.
-1997 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетінің құқық қорғау органдары факультетінің түлегі.
-1998-2002 жылдары Алматы қаласында ҚР суретшілер одағында заңгер қызметін атқарды.
 

Абдуалипова Қаракөз Жарылқасыновна з.ғ.м.

2004 - 2007 жылдар аралығында “Құқық қорғауоргандары” , “Іс жүргізу” пәндерінен сабақ берген.
2007 -2008 оқу жылдынан қазіргі таңда Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының Жария құқық кафедрасында 5В030100 - бакалавриат мамандығы бойынша «ҚР-ның Әкімшілік құқық», «Әкімшілік жауаптылық», «ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы» «Мемлекет және құқық тарихы» пәндері бойынша сабақ жүргізеді. 
30-ға жуық ғылыми еңбектері  және “ҚР-ның мемлекет және құқық тарихы” пәнінен  сызбалар жинағы, тесттер жинағы және қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту бойынша  электронды оқу құралының авторы.
2004 жылы Қазақ халықаралық қатынастар  және құқық институтының – «Заңгер» мамандығын;
2007 жылы Қазақ халықаралық қатынастар  және құқық институтының – «Экономист» мамандығын;
2012 жылы Жетісу мемлекеттік университетінің 6В030100 – магистратура мамандығын бітірді.
2015 жылы академиялық доцент дәрежесі тағайындалды.
 
 

Оқу процессі

Жаңа технологиялар негізінде оқытудың жаңа әдістерінің сұрақтарын оқу процессіне енгізу, студенттердің өздік жұмысытарының ұйымдастырылуы,межелік бақылауды қабылдау формасы, емтихан билеттерінің сапасы, практиканың методикалық қамтамасыз етілуі және оқытушылардың сабақ жүргізу әдістері кафедраныңы әдістемелік тобының үнемі басты назарында. 
Ішкі еңбек нарығы мен әлемдік білім жүйесіне тең құқылы мүше ретінде қабылдануға құлшыну барысында, Қазақстан Республикасының жоғарғы мектептеріндегі инновациялық әдістердің тиімді қолданылуы негізінде оқу процессінің ұйымдастырылуы қалыптасты. Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамының жекелей жұмыс жоспары мен сабақ кестесі негізінде оқытушылардың оқыту қызметі жүзеге асуда.
Кафедрада оқу процессі кредиттік оқыту жүйесінің әдістері негізінде сабақтр келесі нысанда жүргізіледі:
1) аудиторлық сабақ: дәріс, семинар;
2) аудиториядан тыс сабақтар: оқушының өзіндік жұмысы оның ішінде оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін (СОӨЖ), жекелей консультациялар;
3) оқу-танымдық және өндірістік практикадан өткізу, дипломдық жұмыс жазуға дайыныдық (жоба жұмысы)
4) оқушының оқу жетістіктерін бақылау: ағымдағы және межелік бақылау, (пән бойынша тестілеу, эссе, бақылау жұмысы, межелік бақылаудағы «жоба» жұмысын қорғау, курстық жұмыс, коллквиумдар және т.б.), аралық аттетация мен қорытынды бақылау (жазбаша емтихан, практика бойынша есептерді жзу мен оны қорғау).
Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы оқу процессінде сабақ жүргізудің келесі әдістерін тиімді қолданады:
- Нақты қойылған мақсаттарға жете және талдай алатын, ол бойынша жеке дара шешім шығара алатын ерікті тұлға- маманды дайындауды көздейтін оқытудың интербелсенді әдістері пайдаланады. Атап айтсақ,
- Ақпаратты- түсіндірмелік мазмұннан құралған оқу деректерінің үлестірімді материал түріндегі «дәстүрлі дәріс» (1.қызығушылықты ояту; 2.мағынаны ажырату; 3. рефлексия );
- Инновациялық әдістер қолданылатын семинарлық сабақтар ( бұған жұппен, шағын топпен жұмыс жасау және «сұрақ-жауап» т.б түріндегі әдістер жатады);
- Оқу процессіндегі интенсификацияның өзге де формалары еркін қолданылуда Атап айтсақ, оқу-танымдық экскурсиялар жүргізу, практикумдар (криминалистика, қылмыстық құқық, қылмыстық-іс жүргізу құқығы пәндері бойынша);
- Оқу процессін жетілдіру мақсатында бақылаудың бір формасы ретінде тест бойынша ағымдағы бақылауды қабылдау түрі енгізілді. (мемлекет және құқық теориясының проблемалары пәні бойынша).
2008 жылдан бастап аға оқытушы В.П.Алехиннің жетекшілік етуімен кафедра құрамында «Криминалист» атты студенттер үйірмесі өз жұмысын жүргізуде. Бұл үйірменің басты мақсаты болып жас зерттеушілерді атап айтсақ тілек білдірген үйірме
2010 жылынан «Заңгер» студенттік ғылыми үйірме жұмысын жүргізуде. Күндізгі және сыртқы бөлім студенттері міндетті түрде құылымыстық-құққықтық мамандандыру бойынша құқық қорғау органдарында атап айтсақ, Сот, Прокуратура, Ішкі істер органдарында өндірістік практикадан өтеді.

Ғылыми өмір

Кафедраның 2011 жылға негізгі ғылыми бағыты «Қазақстан Республикасындағы заңдардың тарихи-теориялық дамуы» атты тақырыпта болып табылады.Жетекші ғалымдар болып з.ғ.д., профессор Утибаев Г.К., з.ғ.к., профессор Таужанова Р.Ж. з.ғ.к., доцент Омирали А.О., з.ғ.к. Дархамбаев Р.Р. табылады. Жария құқық кафедрасындағы барлық ғылыми жұмыстар негізгі екі бағытта жұмыс жасайды: қылмыстық-құқықтық және мемлекеттік-құқықтық. Осы бағыттарға сәйкес ҒІЖ мен СҒІЖ жүргізілуде. Негізінен бұл кафедра оқытушыларның жекелей жұмыстары яғни, осы бағытта ғылыми мақала мен пәндер бойынша оқу құралдарын өңдеп жарыққа шығару болып табылады. Сонымен қатар, студенттерменде ғылыми жұмыс жүргізу ешқашан назардан тыс қалған емес.Әр оқытушы өз пәні бойынша белсенді студенттерді студенттік конкурстарға (студенттердің ғылыми жұмысы арасындағы) олимпиадаға, конференцияларға дайындап, қатыстырып, олардың ғылыми мақалаларын баспаға беруге көмек көрсетуде.
Жоғарғы мектептің проблемаларының жоспары Ғылым мен білім процессінің интеграциясы. Ғылыми-әдістемелік жұмыс. Жоғарғы мектептің негізгі мәселесі болып: біріншіден, бір-бірімен тығыз байланыстағы үш бағыттағы жұмысты оқытушылардың атқаруы. Ғылым мен білімге интеграциялық процесс өзіндік жеке ізденіссін ұсынғанда ғана жүзеге асады. Оған жарқын мысал ретінде профессор Р.Ж. Таужанованың Мемлекет және құқық теориясының проблемалары: Оқу құралы, Таужанова Р.Ж. Мемлекет және құқық теориясы бойынша сызбалар жиынтығы: Оқу құралы. Доцент З.А.Амирееваның Формирование предпринимательства в Республике Казахстан. Научно-аналитический обзор. Оқу құралы З.А Амирееваның Методические рекомендации к семинарским занятиям по дисциплине «Криминология» (Общая часть). Оқу-әдістемелік құралы және құқық магистрі С.Г Кожахметованың Шет елдердің конституциялық құқығы бойынша Практикумын , З.А Нурланованың Қылмыстық құқық бойынша дипломдық жұмыс жазуға арналған методикалық нұсқауын, сонымен бірге оқытушылардың ғылыми мақалаларын айтуға болады. Ғылыми-әдістемелік жұмыс, екіншіден, бұл әр оқытушының жеке ізденіс іс әрекеті, яғни әр оқытушының кәсіптік және сабақ беру методикасын жетілдіру болып табылады. Бұның өзіне де баяндамар мен мақаламен республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуды жатқызуға болады.
2008 жылдан бастап аға оқытушы В.П.Алехиннің жетекшілік етуімен кафедра құрамында «Криминалист» атты студенттер үйірмесі өз жұмысын жүргізуде. Бұл үйірменің басты мақсаты болып жас зерттеушілерді іздерді алу мен тіркеу, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін, сот медецина сараптамаларының сұрақтарын шешуге теориялық көмек көрсету. Үйірме отырысы тәжірибелік бағытта ғылыми-теориялық пікір алмасу, бейне- ролик көру және тәжірибеде жұмыс жасайтын қонақтар қатысуымен өткізіледі.Сонымен қатар, 2010 жылынан «Заңгер» студенттік ғылыми үйірме арнайы құрылған жоспар негізінде жұмысын жүргізуде. Басты мақсаты болып: студенттерді өзіндік ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге бағыт беру, мамандандыру бойынша тәжірибелік пәндерді игеруге құлшынысын арттыру, теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдануға үйрету болып табылады. Үйірмеде өткен теориялық білімдерін еркін қолдана алуға бағыт беруші ретінде ай сайын бекітілген оқытушы арнайы отырыста жүзеге асырады. Отырыс нәтижесі ретінде ғылыми мақалалар жазылып конференциялар мен конкурстарға қатысуға бастама алады.

КАФЕДРАНЫҢ ҒЗЖ-ң ТАҚЫРЫБЫ : 
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА»  

Жетекші ғалымдар болып:
1. Утибаев Гарифулла Курмангожаевич  з.ғ.д., профессор
2. Өмірәлі Айгүл Өмірәліқызы  з.ғ.к., доцент
3. Таужанова Роза Жакыпаевна  з.ғ.к.,  акад.профессор
4. Байгунаков Досбол Сулейменович  т.ғ.д., профессор


Тәрбие жұмысы

Әдеттегідей жоғарғы мектептің басты мақсаты болып жоғары кәсіптік дайындығы бар, саяси ойы дамыған маман дайындау табылады. Қазіргі заманада студент тек оқу , іздену мен қатар тәрбиелік мәні іс әрекеттерді де істеп үйренуі де өте қажет.Оның қоғамдағы жағдайларға сыни көзқарасын қалыптастыру демократиялық мемлекетте өте маңызды болып табылатындықтан ғылыми және оқу жұмысымен қатар тәрбиелік жұмыс та кафедрада белсенді жүргізілуде. Бұл мақсаттар оқу процессінде де және оқудан тыс кездеде жүзеге асуда. Академияның тәрбиелік жұмыс жоспарына сай құрылған кафедраның тірбие жұмыс жоспары негізінде тәрбиелік іс шаралар өткізілуде. Айына бір рет әр куратор жұмыс жоспарына сай кураторлық сағат өткізеді. Ондаға басты мақсат- студенттердің оқу мен қоғамдцық жұмысты бірге белсенді түрде алып жүру, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, париоттық сезімді қалыптастыру, саяси мәдениеттілікті арттыру және әрине, қоғамдағы өз рөлін таңдай білу. «Баланы бастан»- демекші, жастардың жоғарыдағы мақсатқа жетуін академия бірінші күннен –ақ қолға алған.Яғни, 1-курс студенттеріне арналған бейімдеу апталығын ерекше атап өтуге болады. Әр апның сейсенбісінде ай сайын кураторлық сағаттар өту жоспарға алынған.
Оқытушы-кураторлар өздеріне белгіленген топтармен үнемі кураторлық сағаттар өткізіп, олармен қоян-қолтық жұмыс жасауда. Оның ішінде құқықтық тәрбиенің орны ерекше екндігін де атап өткен. Яғни, жыл сайынға Ел Президентінің халыққа Жолауын, заңдардағы өзгертулер мен толықтыруларды кураторлық сағаттарда талқылап отырады. Денсаулық саласындағы сұрақтарды да назардан тыс қалдырған емес. Академия ішіндегі және қалалық мерекелік шараларға үнемі қатысуда. Оқытушылар мен студенттер қала тазалығы мен жасылдандандыруына өз үлесін қосты. Эстетикалық тәрбиенің бастысы болып табылатын мәдени ошақтарға атап айтсақ, облыстық Б.Римова атындағы драма театрына, қалалық музей мен галереяға жиі барып тұруды әдетке айналдырған.
Мына төмендегі топтарға Жария құқықкафедрасы бойынша эдвайзерлер болы аталған оқытушылар бекітілген:

1. 101 топ эдвайзері – Арымбек Н.А.
2. 120, 125, 127 топтар эдвайзері – Толкын Жалел
3. 121 топ эдвайзері – Шергалиев М.С.
4. 126 эдвайзері – Дархамбаева А.Д.
5. 200, 221 топтар эдвайзері – Капарова И.Е.
6. 321 топ эдвайзері – Шергалиев М.С.
7. 322 топ эдвайзері – Амиреева З.А.
8. 400 топ эдвайзері – Абдуалипова К.Ж.

Кафедраның жұмыс жоспары


2015-2016 оқу жылына арналған жоспар

Кафедраға бекітілген пәндер

Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz