Суббота, 25.11.2017, 04:43
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Жаңалықтар архивы
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
 Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

2001жылы әлеуметтік-ізгілік пәндер кафедрасы болып құрылып, т.ғ.к., доцент А.М.Садықов кафедра меңшерушісі болып тағайындалды.
2007 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер кафедрасы болып ауыстырылып, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Г.Б.Оспанова тағайындалды.


 

п.ғ.к., доцент Оспанова Гулнар Бөлековна

білімі жоғары, 1984ж. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған пед. Институты «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Орыс тілі, мамандандырылған орыс тілі пәндерінен дәріс оқиды. Педагогикалық өтілі 33 жыл. 


Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ғылыми тақырыбы: «Этнопедагогикалық-этнофилософиялық ұстаным негізінде тұлғаны
шығармашылық тұрғыдан дамыту».
Жетекші ғалымдар:
1. ф.ғ.д. Қасабек А.Қ.
2. п.ғ.к. Оспанова Г.Б.
3. в.ғ.к. Қасымжанова Г.С.
Кафедраның мақсаты: Жоғары білікті мамандар дайындау барысында шығармашылық қабілетті студенттерді этнопедагогикалық және этнофилософиялық негізінде тәрбиелеу.
Кафедраның міндеттері:
- Білім беру жүйесін жетілдіруде этнопедагогиканы- этнофилософияны қолдану.
- Біліктілігі жоғары мамандар дайындау.
- Студент жастар арасында этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру.
Кафедра ғылыми тақырыбын іске асыруда жүргізілетін жұмыстар:
- Студенттер арасында этнопедагогикалық- этнофилософиялық ұстанымды үйрету негізінде сауалнама жүргізу. Сауалнаманы жинақтап, талдау.
- Оқытушылардың этнопедагогикалық-этнофилософиялық ұстаным материалдарын оқып, жинақтау.
- Академияішілік өткізілетін конференцияларда этнопедагогикалық-этнофилософиялық ұстаным материалдарына байланысты баяндамалар оқу.
Сонымен бірге кафедра өз жұмысы барысында ҚР Конституциясын, білім туралы заңды 2005-2010 жылдары, «Қазақ республикасының білімін дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны», 2009-2011 жылдарға арналған президент Жолдауында қарастырылған университеттердің жаңа Стратегиясын, ҚР білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.
Оқытушылардың ғылыми және оқу- әдістемелік жұмыстарына оқулық және оқу құралдарын, монографияларды, мақалалар жазу, конференция мен семинарларға қатысу шаралары енеді. Сонымен қатар кафедраның академигі филос.ғ.д. А.Қасабектің «Личностное познания» 2010жылы, 2011жылы «Бауыр тартқан жүрек» монографиялары Талдықорған қаласында жарық көрді.
Кафедра оқытушыларының алдында қазақ тілінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау және әртүрлі деңгейдегі семинарлар мен конференцияларға қатысу міндеті тұрады.
Осындай мақсатқа қол жеткізу жолында кафедра педагогикалық мәні бар пәннен сабақ жүргізеді. Қазір кафедрада штатын 14 оқытушы құрайды. Доктор-1, ғылым кандидаты-4, доцент-3, магистр-2, аға оқытушы-10.
Кафедрада оқытылатын пәндер: Қазақ тілі, орыс тілі,мамандандырылған қазақ тілі, мамандандырылған орыс тілі, шет тілі, Қазақстан тарихы, философия, экология және тұрақты даму, саясаттану, әлеуметтану, құқық философиясы, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, информатика.



Философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек- 1969ж. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік Университетінің «Философия» мамандығы бойынша бітірген. Құқық философиясы пәні бойынша дәріс оқиды.
В.ғ.к., биология және химия доценті, профессор Қасымжанова Гулжан Сабыржанқызы-1967ж. Семей зоотехниковетиринарлық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірген. Тіршілік қауіпсіздік негіздері, Экология және тұрақты даму пәндерінен дәріс оқиды.
Аударма ісі магистрі, аға оқытушы Ержаханова Раушан Берікболқызы- 2000ж. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің (Қаз.МУ) «Қазақ тіл мен әдебиеті» мамандығын, 2004ж. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ «Шет тілі» мамандығыбойынша бітірген. Қазақ тілі, мемлекеттік тілде-іс қағаздарын жүргізу, мамандандырылған қазақ тілі пәндерінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Сапарғалиева Ляззат Өмірғалиқызы-1992ж. Қазақ мемлекеттік пед институтының «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан тарихы, саясаттану,әлеуметтану пәндерінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Елікбаева Күләнда Майбекқызы-1980 ж. Алматы шет тілдер пед институтының «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Шет тілінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Барманбекова Гүлназ Жаркентқызы- 1986 ж. Алматы шет тілдер пед. институтының «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Шет тілінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Сағиева Баян Жеңісқызы- 2002ж. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ тілі, мемлекеттік тілде-іс қағаздарын жүргізу, мамандандырылған қазақ тілі пәндерінен дәріс оқиды.
Әлеуметтану магистрі, аға оқытушы Керімбекова Бәтес Амангелдіқызы– Л.Н. Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік Университетінің «әлеуметтану» мамандығы, КАЗ НУ Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің «әлеуметтану магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Философия пәнінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Кенжебеков Тоқтар Есенжолұлы- 1999ж. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. Информатика пәнінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Алишпанова Жанат Жапаркуловна- 1983ж. Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану, әлеуметтану пәндерінен дәріс оқиды.
Аға оқытушы Мартынюк Елена Николаевна- 1996ж. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған пед.институтының «Орыс тілі және әдебиеті қосымша тарих мамандығымен» бітірген. Тарих, философия пәндерінен дәріс оқиды.
Оқытушы Нурасылова Ляйля Жайдарбекқызы- 1992ж. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған пед. Институты «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы, 1996ж. Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Орыс тілі, мамандандырылған орыс тілі пәндерінен дәріс оқиды.
Жусанбаев Болат Қалыбайұлы- 2004 ж. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша бітірген. Дене тәрбиесі пәні бойынша дәріс жүргізеді.

2011-2012 оқу жылына арналған кафедра жұмысының кешенді жоспары


 

Информационный центр © 2017
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz