Среда, 20.09.2017, 01:30
Негізгі бетПрофильКіру На русском
Қош келдіңіз, Гость · RSS
Сайт мәзірі
сауалдама
Оцените мой сайт
Жаптар саны: 157
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Доска объявлений

Главная » Доска объявлений » Бәріне

"Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты қалалық жастар арасындағы ІІІ-ші ғылыми жұмыстар (рефератар) байқауына қатысуға шақырамыз
Информация | 09.10.2015, 22:15

Құрметті жас ғалымдар!

Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Бизнес және құқық факультеті, Жария құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 23-ші  қазанында өтетін «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты қалалық жастар арасындағы ІІІ-ші ғылыми жұмыстар (рефератар) байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың мақсаты: Жастарға егеменді еліміздің тәуелсіздігін жете түсіндіру, еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын жоғары сапалы мамандар дайындауға бағытталған басымды жолдарды белгілеу.

 

Байқау келесі бағыттар (секция) бойынша жұмыс жүргізеді:

1 бағыт   – Отандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері

2 бағыт - Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуындағы жастардың құқықтық санасының  орны мен рөлі

 

         Байқауға жоғарғы сынып оқушылары қатысуына болады.

Қатысу тәртібі:

Ғылыми жұмыс (реферат) мұқаба беті – Жоғары жағында мекеменің атауы-Times New Roman, кегль -16., 11 абзац төменгі жолдан соң парақ ортасында 35 кегль қою үлкен әріптермен «Ғылыми жұмыс» деген атау, 2 абзац төмен түскен соң парақ ортасында қою 25 кегльмен баяндама тақырыбының атауы жазылады. 10 абзац төмен түскенде парақтың оң жағында 14 кегльмен орындаушының аты-жөні (сыныбы, курсы), 1 абзац төменгі жолақта ғылыми жетекшісінің аты-жөні  толық жазылады. Мұқаба беттің соңында Қала атауы мен жыл 14 кегльмен ортаңғы жолда жазылады (Қосымша 1).

 

Ғылыми жұмыстың мәтіні 12 беттен аспауы тиіс (Қосымша 2).

Парақтың параметрлері: жағарғы, төменгі және оң жағы -2 см, сол жағы -3 см.

Шрифт: Times New Roman, кегль - 14.

Интервал: 1

Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай ғылыми жұмыстың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін. Мысалы: [1,102].

Ғылыми жұмыстың кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаттамасы, мақсаты, тақырытың өзектілігі, әдіснамалық негіздері (Пайдаланылған әдебиеттер) міндетті түрде көрсетілуі тиіс (Қосымша 3).

Ғылыми жұмыстар келесі санаттар бойынша бағаланады:

1) Жұмыстың техникалық рәсімделуі;

2) Тақырыптың ашылуы;

3) Қолданылған деректердің жаңалығы;

4) Қорытындысы (өзіндік көзқарастар мен ұсыныстардың болуы).

         Ғылыми жұмыстар Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, 409 кабинетте баспа түрінде автордың өзінен қабылданады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:  Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 77 үй. № 409 кабинет. тел/факс: 8 (7282)24-27-56 (141 коммутатор) Орындаушы Назым Едильжановна

Ғылыми жұмыстар байқауына қатысушылардың барлығы сертификаттармен, ал жүлделі орындарға ие болғандар дипломдар және жүлделі сыйлықтармен марапатталады.

Біз Сіздерді ғылыми жұмыстар байқауына белсене қатысады деп шын жүректен күтеміз!

Қосымшалар

Добавил: Toktar |
Просмотров: 136 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сілтемемен бөлісу
Кіру формасы
Сонғы жаңалықтар
[23.12.2016]
Діни экстремизм мен терроризм туралы...
[23.12.2016]
Когамов Марат Чекишевичпен кездесу
[08.10.2016]
Денсаулық күні
Жаңа материалдар

Информерлер


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Бесплатный конструктор сайтов - uCoz